Астана күні мерекесінде ХҚО мен арнайы ХҚО-лар жұмыс істей ме

0 49


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Астана күні мерекесінде ХҚО мен арнайы ХҚО-лар жұмыс істей ме

Дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Астана күніне орай ХҚО мен арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесі туралы мәлімет берді.

«Елорда күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді. Сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚО-лар мен МХҚО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram-парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Leave A Reply