Астанада Ұлы Дала даңғылының бөлігі бір айға жабылады

0 42


                                                                                                                                                                                                                                                        Астанада Ұлы Дала даңғылының бөлігі бір айға жабылады

16 шілде мен 16 тамыз аралығында қозғалыс ішінара жабылады.

Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Leave A Reply