Алматының Бостандық ауданындағы Байтұрсынов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі

0 368


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматының Бостандық ауданындағы Байтұрсынов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі

Сәтбаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді.

Алматыда 1983 жылғы құбырды ауыстыруға байланысты Байтұрсынов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жалғасады. Жұмыс шеңберінде 1983 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзақтығы 1,5 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылады. 

«Осыған байланысты, 2025 жылғы 16 шілде сағат 23:00 бастап 21 шілде сағат 07.00 дейін Бостандық ауданында Байтұрсынов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады. Сәтбаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді. Жұмыстарды жүргізу барысында Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысымен өтетін жол ашық болады. Шектеулер көрсетілген көше учаскенің астынан өтетін құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды», – делінген хабарламада.

Аталған жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үйдің және басқа да жеті нысан тұрғындарына жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. 

«Жалпы алғанда, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Leave A Reply