Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

0 210


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады.

Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, 18 шілде күні сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан бастап 8-ші Гвардиялық Дивизия көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

«Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады», – делінген хабарламада.

Leave A Reply