Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі

0 61


                                                                                                                                                                                                    Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі

Ұлықбек көшесі мен бірнеше шағынауданға шектеу қойылады.

Алматыда жаңа су желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты бірнеше шағынауданда суық су өшіріледі, деп хабарлайды «Алматы су». 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 2 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Ұлықбек көшесінің бойында, Момышұлы көшесінен Сайын даңғылына дейін орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру шектеледі. 

Сонымен қатар мына шағынаудандарда: Жетісу-1, Жетісу-3, Ақсай-4, Ақсай-5, Достық суық су болмайды.

«Бұл шаралар қауіпсіздікті және жұмыстың сәтті аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажет», – делінген хабарламада. 

Источник: informburo.kz

Leave A Reply