Астанада такси жүргізушісі қораптағы жаңа телефонды ұрлап, сатып жіберген

0 4


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Астанада такси жүргізушісі қораптағы жаңа телефонды ұрлап, сатып жіберген

Такси жүргізушісі жолаушының iPhone 16 Pro телефонын сатып жіберген.

Астанада такси жүргізушісі клиент сеніп тапсырған қораптағы ұялы телефонды иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны ұлына сыйлық ретінде жаңа iPhone 16 Pro телефонын сатып алып, оны жеткізу үшін такси қызметін пайдаланған. Алайда 32 жастағы жүргізуші қорапты ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді, мұндай заттарды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беруді ұсынады.

Leave A Reply