Алматыда сауда базарындағы дүңгіршек өртенді: зардап шеккендер жоқ

0 8


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда сауда базарындағы дүңгіршек өртенді: зардап шеккендер жоқ

Өртті сөндіру барысында өрттен екі газ баллоны шығылды.

Бүгін түнде Алматы қаласы Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағынауданында, сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, от металл контейнеріне ауысты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында өрттен екі газ баллоны шығылды. Зардап шеккендер жоқ.

Leave A Reply