Алматыдағы Арбатта жартылай жалаңаш билеген қыздарды полиция ұстап әкетті

Оларға қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Алматыдағы Арбатта жартылай жалаңаш би билеген қыздарды полиция ұстап әкетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Алайда, құзырлы орган оларды 4 сағаттан кейін босатып жіберген.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сол аумаққа жауапты полиция қызметкерлері қыздарды мән-жайды анықтау үшін бөлімшеге жеткізген. Онда оларға қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Айта кетейік, көшеде хай-хилс билеген қыздардың бірі кәсібі хореограф екені белгілі болды.