22 мамырда Қазақстанның түкпір-түкпірінде дыбыстық электр сиреналары іске қосылады

0 104


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            22 мамырда Қазақстанның түкпір-түкпірінде дыбыстық электр сиреналары іске қосылады

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасады.

22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ТЖМ.

Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасады. Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылады.

«Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 22 мамырда сағат 9.00-де «Баршаның назарына!» еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз», – деп ескертті ТЖМ.

Leave A Reply