Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысты. Жолаушылар қонақүйге орналастырылды
"Астана—Шымкент" бағыты бойынша ұшуға тиіс жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды. Ұшақтың бір бөлшегі зақымдалды, деп хабарлайды SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.
«Шымкент—Астана» әуе рейсі қонған кезде ұшақпен құстар соқтығысып қалды. Ұшақтың зақымдалған бөлшегін ауыстыруға байланысты, күту керектігін ескерте отырып, «Астана—Шымкент» бағыты бойынша ұшуға тиіс жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтылды. Компания құстардың ұшу бағытына әсер ете алмайды, сондықтан осындай жағдайда рейс кестесінің өзгеруіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Источник: informburo.kz