Астанада жол жөндеу жұмысшыларын көлік қағып кетті: бір адам қаза болды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды.
Қайғылы оқиға 18 тамызда түнгі уақытта болды.
«Шкода» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай «Сарайшық» көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын ескермей, екі жұмысшыны қағып кетті. Салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.