Аптасына 2 рет: Астанадан Бішкек пен Самарқанға тікелей рейстер ашылады

0 8


                                                                                                                                                                                                                                                        Аптасына 2 рет: Астанадан Бішкек пен Самарқанға тікелей рейстер ашылады

Енді әуе компаниясы Астананы Бішкек және Самарқанмен тікелей байланыстырады.

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылатыны туралы хабарлады. 

  • Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана–Самарқан–Астана бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет — жұма және жексенбі күндері орындалады.
  • Ал 10 қарашадан бастап Астана–Бішкек–Астана рейсі де аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

«Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бағытымен үндес келеді», – делінген Qazaq Air хабарламасында.

Әуе компаниясы Астанадағы хаб арқылы жолаушыларға Бішкекке, Самарқанға, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстер ұсынатынын атап өтті.

Leave A Reply