Қыркүйекте елордада «Мұра» тақырыбын арқау еткен TEDxAstana конференциясы өтеді

0 322


                                                                                                                                                                                                                                                        Қыркүйекте елордада "Мұра" тақырыбын арқау еткен TEDxAstana конференциясы өтеді

Бас қалада TEDx шарасы оныншы рет ұйымдастырылып отыр.

13-14 қыркүйекте Астанада TEDxAstana 2025 конференциясы өтеді. Ол «Мұра» тақырыбына арналады.  

Биылғы конференция жоба командасы үшін үлкен маңызға ие. Өйткені былтыр TEDxAstana командасы TED қорының Legacy лицензиясын иеленген болатын. Legacy – әлем бойынша 3 600-ден астам команда арасынан небәрі 20 команда иеленген ерекше марапат. Бұл мәртебе астаналық командаға мұра түсінігін қала, қоғам және жеке адам тұрғысында талқылауға шабыт берген. 

«Өз жұмысымыз арқылы артымызда «із қалдыруды» мақсат етпеген едік. TEDxAstana командасының әр өкілі түрлі себеппен қоныс тепкен Астана қазір әрқайсымыздың жүрегімізде ерекше орын алады. Бүгінгі күнге дейін біздің команда сүйікті қаламызды әлемді өзгертуге қауқарлы идеялар алаңына айналдыру үшін қызмет етіп келеді. Біз дала мен қалаларда, ғылыми зертханалар мен шеберханаларда, жүректер мен ақылда туған идеяларды жинап, көпшілікке бөлістік. Осылайша біз жаһандық деңгейде бағаланған өз мұрамызды жинақтап келген екенбіз. Бірақ мұраға ие болу – бұл оны бөлісе білу және уақыты келгенде еркіндік беру емес пе!? Себебі бұл мұра ендігі жерде тек бізге ғана тиесілі емес. Біздің мұрамыз бізден де ұзақ өмір сүруі әбден мүмкін ғой», – дейді TEDxAstana ұйымдастырушылары.

Конференцияда «Қазіргі кезде мұра деген не?», «Мұра қалай қалыптасады және не мұраға айналатынын, ал не ұмыт болатынын кім шешеді?», «Мұраны мақсатты түрде қалыптастыру керек пе, әлде өз ісіңді махаббатпен жасау жеткілікті ме?», «Бізден кейін не қалады: әрекет пе, идея ма, мән-мағына ма?» және басқа да сұрақтар талқыланады. 

Билет құны – 15 мың теңге, оны шараның ресми сайтынан сатып алуға болады. Бір билет екі күнге де жарамды. 

Leave A Reply