Әлемдік киножұлдыз Қазақстанда: Джеки Чан түсірілім алаңдарын таңдады

0 9


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Әлемдік киножұлдыз Қазақстанда: Джеки Чан түсірілім алаңдарын таңдады

Фильмнің негізгі бөлігі Алматыда түсіріледі.

Алматыда Salem Entertainment компаниясының кеңсесінде әлемге әйгілі актер, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті.

Компания мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаға кірісті. Актер Алматыға арнайы келіп, алдағы картинаның түсірілім алаңдарын өзі таңдаған. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі.

Джеки Чан өзінің ресми парақшасында:

«Алматыда түсірілім алаңдарын таңдадым. Көрсеткен қонақжайлылығы үшін Salem Entertainment-ке алғыс айтамын», – деп жазды.

Компания өкілдері жоба туралы толық мәлімет әзірге құпия сақталатынын жеткізді.

«Сеніңіздер, алда ғаламат жаңалықтар күтіп тұр. Ең қызығы әлі алда», – делінген хабарламада.

Leave A Reply