Көзіне үшкір зат сұғып, қашып кеткен: Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасады
Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 3 қыркүйек күні болған. Күдікті жаяу жүргіншінің көзіне үшкір зат сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ведомствоның түсініктемесінде.
Жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалған.