Backstreet Boys Алматыға келді: 19 қыркүйекте Орталық стадионда концерт өтеді
Backstreet Boys-қа тақия мен "Қазақстан" шоколады тарту етілді.
Аңызға айналған америкалық поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйекке қараған түні Алматыға ұшып келді.
Әуежайда оларды ыстық ықыласпен қарсы алған жанкүйерлер қазақы дәстүрге сай тақия кигізіп, «Қазақстан» шоколады мен сый-сияпат табыс етті.
Бүгін топ мүшелері демалып, Алматыны аралауы мүмкін. Ал ертең, 19 қыркүйекте, Орталық стадионда көптен күткен концерт өтеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, стадионның есігі 15:00-де ашылады, шоу сағат 20:00-де басталады.
Backstreet Boys Алматыдан кейін Астанадағы жанкүйерлерімен кездеседі. 21 қыркүйекте топ «Астана Аренада» өнер көрсетеді.