Алматының Наурызбай ауданында 2026 жылға дейін 20 көшеге жаңа арық салынады
Қалқаман шағынауданында арық жүйесін дамыту жұмыстары басталды.
Алматының Наурызбай ауданында арық жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ауданның 348 көшесінің 105-інде арық бар, олардың жалпы ұзындығы 108 шақырым, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Қарқынды өсіп келе жатқан тұрғын аймақтарды ескере отырып, 2026 жылы 31 шілдеге дейін Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, 20 көшеге жаңа арықтар салу және арық арналарынан өтетін 12 жаяу жүргінші мен көлік өткелін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар су тасқыны қаупін азайтып, жол жабындысын сақтауға, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Ауданның негізгі бөлігін қамтитын жұмыстар қазір «Қалқаман» шағынауданында қолға алынған.
Жаңа арық салынатын көшелер:
1. Аханов көшесі – 769,8 м
2. Нұрмұхамедов көшесі – 566,7 м
3. Тәжібаев көшесі – 688 м
4. Надыров көшесі – 404,3 м
5. Бегайыл көшесі – 421,1 м
6. Айымбетов көшесі – 723,3 м
7. Рымжанов көшесі – 660,2 м
8. Сланов көшесі – 572,6 м
9. Нұршайықов көшесі – 837,9 м
10. Қыран көшесі – 605,7 м
11. Дихан көшесі – 398,4 м
12. Арман көшесі – 1126,1 м
13. Айболит көшесі – 940,5 м
14. Хрищатый көшесі – 575,1 м
15. Бектембай көшесі – 570,5 м
16. Әкімшілік кешен аумағы – 841,8 м
17. Қыдырбеков көшесі – 869,9 м
18. «Қалқаман-2» көшесі – 311,1 м
19. Берел көшесі (Келімбетов көшесінен бастап) – 1124,5 м
20. Сағдиев көшесі – 612,3 м
Қайта жаңғыртудан өтетін аумақтар:
1. Құндызды к-сі, 20/2 – 35 м
2. Гроза – Жандосов көшелері қиылысы – 20 м
3. Рысқұлов к-сі, 86–86а – 20 м
4. Айтматов көшесі – 60 м
5. Балбырауын көшесі – 30 м
6. Гроза – Жігер көшелері қиылысы – 10 м
7. Бәйтелі батыр көшесі – 200 м
8. Құралай көшесі, 1 – 50 м
9. Жалын көшесі, 1б – 250 м
10. «Тау Самұрық» СО, 2-учаске – 250 м