Алматының үйлеріне жылу 10 қазаннан бастап беріледі

0 18


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматының үйлеріне жылу 10 қазаннан бастап беріледі

Ал әлеуметтік нысандар 8 қазаннан бастап жылу жүйесіне қосылады.

Биыл Алматыда жылыту маусымы жылдағыдан ертерек басталады. 8 қазаннан бастап қалада орталық жылыту жүйесіне қосылады. Бұл туралы Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Ақчурин хабарлады.

Оның айтуынша, жылу ең алдымен балабақша, мектеп және медициналық мекеме сынды әлеуметтік нысандарға беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады. Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Жылу берілген соң ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйесін ретке келтіреді. Радиаторлар мен тікқұбырдан ауа шығарылып, қысым реттеліп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді. 

«АлЖЖ» компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қысқы кезеңге толық дайын. Ықтимал ақауларға жедел ретке келтіру үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік етеді», – делінген хабарламада. 

Leave A Reply