Алматыда заңсыз вейп өндіру және сату фактілері бойынша істер тергелді
Алматыда 180 мыңнан астам вейп жойылды.
Алматыдағы арнайы полигонда 180 мыңнан астам электронды темекі жойылды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті.
«Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеген қылмыстық істер шеңберінде тәркіленген 180 мыңнан астам вейп жойылды. Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Алматының жастар ұйымдарының өкілдері қатысты», – делінген хабарламада.
Ведомство тыйым салынған өнімдерді жою – темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес және азаматтардың, әсіресе жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
Қазақстанда вейптерді сатып, таратқандарға және өндіргендерге айыппұл және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.