Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

0 137


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады.

Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматының Алмалы ауданында 1994 жылы пайдалануға енгізілген құбыржолды жөндеу себебімен Райымбек даңғылының бойымен қозғалыс уақытша шектеледі.

«13 маусым сағат 23:00-ден бастап 14 маусым сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылы бойымен Н. Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады», – делінген хабарламада.

Leave A Reply