Алматыда Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

0 47


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған.

Алматыда 60 жыл бұрын төселген жылу құбырын ауыстыруға байланысты Лавренев көшесінің батыс жағында көлік қозғалысы бір айға шектеледі, деп хабарлайды «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

«Жұмыс барысында 1965 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 4,1 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты 2025 жылы 29 шілдеден 31 тамызына дейін Лавренев көшесінің батыс жағында Наманганская көшесі, 43а үйден Майлин көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі. Қос бағыттағы қозғалыс көшенің шығыс жағында ұйымдастырылады. Құбырдың жол бойының астынан өтетін бөлігін қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Қайта жаңарту кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі», – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше,  жылу трассасы 42 көпқабатты тұрғын үйді, балабақшаны, емхананы және тағы төрт нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply