Алматыда ер адам танысының аяғына оқ атқан: полиция қылмыстық іс қозғады

0 156


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда ер адам танысының аяғына оқ атқан: полиция қылмыстық іс қозғады

Күдікті 35 жастағы Жетісу облысының тумасы екені анықталды.

Алматыдағы ғимараттардың бірінде атыс болды. Екі ер адам жанжалдасып, бірі оқ атқан, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті 35 жастағы Жетісу облысының тумасы екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала анықталғандай, бір-бірін танитын ер адамдар арасында жанжал шығып, соның салдарынан олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Leave A Reply