Алматыда «барахолкаға» баратын жолда кері бұрылуға мүмкіндік жасалады

0 46


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда "барахолкаға" баратын жолда кері бұрылуға мүмкіндік жасалады

Ол үшін жол бойына арнайы бағдаршам орнатылды.

Қала әкімдігі жаяу жүргіншілер көпіріне бағдаршам орнатты. Солтүстікке қарай жүргенде төрт жолақта бағдаршам болады. Солға бұрылуға тыйым салынады немесе шеткі жолақтан кері бұрылуға рұқсат беріледі, деп хабарлады Kolesa.kz. 

Солтүстік айналма жол бойымен оңтүстікке қарай жүргенде үш жолақта бағдаршам бар, олар көлік легін тоқтатып, кері бұрылатын жүргізушілердің өтуіне мүмкіндік береді. 


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда "барахолкаға" баратын жолда кері бұрылуға мүмкіндік жасалады

Көлік легін бөлетін жол таңбасында үзік сызық салынады. Әзірге қозғалыс схемасы қашан өзгеретіні белгісіз. Алматының мобилділік басқармасы қазір бағдаршам орнатып, өзге техникалық түйіндерді реттеп жатқанын хабарлаған. 

«Бірақ кері бұрылуға жақын арада рұқсат беріледі деп болжауға негіз бар. Рысқұловтың төмен жағына кері бұрылатын орын белгілеу Москвин көшесінен шығатын және Солтүстік айналма жол бойымен жүретін жүргізушілерге өте қажет. Осы жол бөлігінде қозғалыс схемасы бірнеше рет өзгерген. Мамандар ақыры тиімді амалын тапқан сияқты», – деп жазды басылым. 

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бағдаршамдар мен аялдамалар ретке келтіріледі

 

Источник: informburo.kz

Leave A Reply