Алматыда банктен ақша ұрламақ болған 32 жастағы ер адам видеоға түсіп қалды

0 83


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда банктен ақша ұрламақ болған 32 жастағы ер адам видеоға түсіп қалды

Қылмыс түнде жасалған.

Алматыда полиция екінші деңгейлі банк бөлімшесінен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныны сындыра алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply