Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 22 мамыр сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
«Автобус Рысқұлов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, Шемякина көшесінен кері бағытқа бұрылмақ болған. Алайда «Ауди» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан», – делінген хабарламада.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.