Алматыда ақылы тұрақ аймағын кеңейту қажет – Урбанист сарапшы

0


Алматыда ақылы тұрақ аймағын кеңейту қажет – Урбанист сарапшы

Қазір Алматыда автокөліктендіру деңгейі мың тұрғынға шаққанда 300 автокөлікке жетті.

Мұндай жайтты АҚШ 1920 жылдардың соңында, ал Батыс Еуропа елдеріндегі жетекші қалалар 1960 жылдардың ортасында өтті. 

Сарапшылардың пікірінше, Алматы автокөліктендіру деңгейінен асып барады және урбанизация дәуіріндегі қала инфрақұрылымын жайлы ортаның жаңа талаптарына бейімдеу қажет.

Өзекті мәселенің бірі көлікті көше мен аулаға қою кезінде тұрақтардың болуы және автокөлік иелерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы. Кейбір жүргізушілер көлігін жолдың шетіне, тіпті қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа қойып кетеді. Бұл көлік ағынының жалпы қозғалысына кедергі келтіреді және төтенше жағдайдың қаупін арттырады.


Алматыда ақылы тұрақ аймағын кеңейту қажет – Урбанист сарапшы

Бұл жүйе әлемде қалай жұмыс істейді

Әлемдік тәжірибеде қаланың көлік тұрағы арзан емес. Лондонның орталығында тұрақ ақылы, күніне 12 фунт (шамамен 6500 теңге). Орталықта тұратын тұрғындар аулада немесе үйдің жанында тұрақ құқығын бір жылға 100 фунтқа (55 мың теңгеден астам) сатып ала алады. Бұл ретте бір айда өтініш бергендердің жалпы санының тек 20 пайызы орын алады, қалғаны тізім бойынша күтеді. Басқа тұрақ орындары үшін сағатына 4 фунт (шамамен 2 200 теңге) бөлек төленеді және төрт сағатқа дейін қоюға болады. 

Парижде аулалар көлікке жабық, тұрғындар көлігін жерасты тұрағына қалдырады. Құны ауданға байланысты 70-тен 130 еуроға дейін. Жұмыс күндері көшеде тұрақ сағатына 1,5-тен 4 еуроға дейін (700 теңгеден жоғары) барады. Тұрғылықты жерінде аптасына 3,5 евро төленеді.

Оңтүстіккореялық тұрғын үйлерде бір пәтерге кемінде бір көлікке арналған жерасты автотұрағы болуы керек. Бұл аймақта көшелерде лифті бар тұрақ мұнаралары салынуда. Олардың қызметтері сағатына 3-6 доллар немесе күніне 15 доллар, айына 120-180 доллар.

Қытайдың ірі қалаларында көлік сатып алғанға дейін тұрғындар тұрақ сатып алуға немесе жалға алуға міндетті. Бейжіңдегі ақылы тұрақ 15 минут үшін 2,5 юаньға тең (шамамен 600 теңге/сағ).

Сарапшылар мұны неліктен жалғыз дұрыс шешім деп санайды

Алматыдағы тұрақ мәселесі бойынша белгілі урбанист, көлік маманы Аркадий Гершман әлемнің барлық озық қаласындағы сияқты мегаполисте ақылы тұрақ аймағын кеңейту қажет деп санайды.

«Шамамен бір ғасыр бұрын АҚШ-та ақылы автотұрақ енгізілді, содан бері бұл ғаламшардың әрбір мегаполисі үшін негізгі шешім болды, әйтпесе орын тапшылығы мен тұрақ ережесін бұзу мәселесін шешу нәтиже бермейді. Мәселе орынның аздығы емес, машинаның көптігінде. Төлем енгізу көше мен аулада бірнеше күн немесе тіпті, бірнеше апта бойы тұрған машиналарды алып тастауға мүмкіндік береді, бұл шынымен көлік қоюды қажет ететіндерге орын босатады. Көбінесе кіреберістегі орынға қызметкерлер көлігін кешке дейін қояды, ал 10-30 минутқа келетін клиенттердің көлігіне орын жоқ. Сонымен қатар, тротуарларда, көгалдарда тұрақ мәселесі шешіледі, халық арнайы тұрақта орын болса, ереже бұзбайды», – деді маман. 

Сарапшының айтуынша, ақылы тұрақ – ауадан ақша жасау, кедейлерді кемсітушілік деген дәлелдер бар.

«Бұл қате түсінік. Баршаға ортақ аумақта жеке мүлікті пайдалану үшін де ақы төлеу керек, өйткені көлік салығы қаланың автокөлік жүргізушілеріне арналған шығындарын өтемейді. Жалпы, бұл қала жолдарындағы трафикті реттеудің тиімді құралы. Ақылы автотұрақ жүргізушілерді тұрақ уақытын жоспарлауға және жол ережесін сақтауға ынталандырады. Екінші жағынан, жалғыз қозғалыс құралы ретінде көлікті пайдаланатын адамдар бар, сондықтан бүкіл әлемде ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған тұрақ бар және ол орындар тегін болып қалады», – дейді Аркадий Гершман. 

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ әзірлеген қаланың көлік қаңқасының шебер жоспарында қоғамдық көлікке басымдық беру және жеке автокөлікпен жүру үлесін азайту есебінен мегаполистегі жалпы жүктемені азайту стратегиялық міндеті көзделген.

Мысалы, әлемдік тәжірибеде көлік қаңқасы дамыған қалалар жолаушыларды қоғамдық көліктің сапасына қанағаттандыру, соның салдарынан тұрғындардың жеке көлікті тастап, қоғамдық көлікке отырғызу, ауаға зиянды шығарындыларды азайту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуде. 

Жетекші қалалардағы жеке көліктегі сапарлардың үлесі:

  • Мәскеу (30%);
  • Париж (11%);
  • Сеул (29%).

Алматыда әзірге шамамен 65% және 2030 жылға қарай 46%-ға жеткізу мақсаты бар. 

Алматыда көлік қаңқасын құру есебінен қала тұрғындарының өмір сүру сапасы тікелей жақсарады. Жүрдек қоғамдық көлік қала тұрғындарының 75% жаяу жүргіншілеріне қолжетімді болады, оның ішінде жаңа полиорталық тұрғындары да бар, олар жоғары дәлдік пен жүйелі жұмыстың арқасында қажетті орындарға 30-40% жылдам жете алады. Мәселен, кептеліс пен тұрақ орнын іздеуге уақыт жоғалтпай, экологияны жақсартуға үлес қоса отырып, алматылықтар өзін-өзі дамыту, жұмыс немесе бос уақыт үшін қосымша мүмкіндікке ие болады.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply