Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ кешені қалпына келтіріледі

0 102


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ кешені қалпына келтіріледі

Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды.

Алматыдағы Сайран көлінде 200 ағаш және 3 300 бұта отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматыда 15 сәуірде 5,6 млрд теңгеге 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды. Бұл туралы Алматы әкімінің есебінде айтылды. Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.

«Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90%-ға орындалды. Мұнда Lorberg (Германия) тәлімбағынан әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ағаш, сонымен қатар 3 300 бұта отырғызылды», – делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. 

Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply