Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал» ойыны қарсаңында мәлімдеме жасады

0 22


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал" ойыны қарсаңында мәлімдеме жасады

Футбол матчы кезінде 2,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Алматы полиция департаменті бүгін, 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы халықаралық футбол ойынына толық дайын екенін хабарлады.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Олар жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін сақтап, жол қозғалысын реттейді.

«Қымбатты алматылықтар, қадірлі қонақтар! Бұл біз үшін спорт мерекесі ғана емес, Алматының қонақжайлығын, құрметін және мәдениетін көрсетуге үлкен мүмкіндік», – деді қалалық ПД өкілі Тимур Ноғайбаев.

Матч күні қалада қозғалысқа ішінара шектеулер енгізіледі. Полиция тұрғындардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды, тәртіпті сақтауды және қонақтарға құрметпен қарауды сұрады.

Айта кетейік, мадридтік «Реалдың» футболшылары Алматыға келді. Әуежайда жанкүйерлер мен журналистер команданы ыстық ықыласпен қарсы алды.

Leave A Reply