Алматы әуежайында барлық ішкі рейс орта есеппен жарты сағатқа кешікті

0 56


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматы әуежайында барлық ішкі рейс орта есеппен жарты сағатқа кешікті

Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен.

Алматы әуежайында барлық ішкі рейс кешікті. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, бүгін ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесі қысқа мерзімге істен шығып, жолаушылар өзара араласып кеткен.

«Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шара жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады», – делінген хабарламада. 

Әуежай қазіргі уақытта қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply