Air Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс 2 сағатқа кешікті

0 12


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Air Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс 2 сағатқа кешікті

Әуе кемесіне құс кедергі болған.

Алматыдан Астанаға ұшатын Air Astana рейсі уақытында орындалмады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«14 тамызда орындалуға тиіс КС 621 Алматы-Астана рейсі кешігіп жатыр, себебі КС 622 Астана-Алматы рейсін орындаған ұшаққа құс соғылған», – делінген хабарламада.

Ұшақ Алматыдан Астанаға 9:20-да ұшу керек болған. Рейс уақыты 11:45-ке ауыстырылды.

«Жолаушылар жағдайдан хабардар, толық ақпараттандырылды», – делінген хабарламада.

Leave A Reply