Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі бір килограм есірткімен ұсталды

0 73


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі бір килограм есірткімен ұсталды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай—Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограм болды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады. 

Leave A Reply