5-6 мамыр аралығында Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

Тауларда қар көшкіні қауіпі сақталады.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады.
«5-6 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2 900 биіктіктен жоғары) жауын- шашын мол түсіп, қар жамылғысы тұрақсыз болады. Тауларда қар көшкіні қауіпі сақталады», – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты құтқарушылар тауға аттанған демалушылардан қауіпсіздік шараларын сақтап, қарлы тік жартастарға шықпауды сұрады.
Источник: informburo.kz