Кардифф университеті Астанада ашық есік күнін өткізеді

0 59


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Кардифф университеті Астанада ашық есік күнін өткізеді

25 мамырда өтетін шараға қазірден бастап тіркелуге болады.

Ұлыбританияның ең үздік 24 жоғары оқу орнын біріктіретін беделді Russell Group ұйымына мүше Кардифф университеті Қазақстанда білім беру бағдарламаларын іске қосу үшін белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Университет 25 мамырда Астанада Кардифф университетінің жаңа ғимаратында (мекенжайы: Сығанақ көшесі, 38/1.) Ашық есік күнін өткізеді. 

Сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін қонақтар кампустағы оқу үдерісімен танысып, университет қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, 2025 жылдың қыркүйегіндегі қабылдау туралы, соның ішінде бағдарламалар мен гранттар жайында толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, студенттік жатақхананы аралап көруге мүмкіндік болады.

Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі ретінде Кардифф университеті Астанадағы жаңа кампусына 140 жылдан астам академиялық тәжірибе, инновациялық  ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік әсерін алып келеді.

Оқи отырыңыз: Филиал британского вуза откроют в Астане

Айта кетейік, Астанадағы кампус коммерциялық емес ұйым болып табылатын Qualified Centre of Education Қоғамдық қорымен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен дамып келе жатыр. Үкімет білімнің қолжетімді болуына жағдай жасап, кампус жұмыс істей бастаған алғашқы үш жылда 500-ге дейін толық қаржыландырылатын грант ұсынуды жоспарлап отыр.

Бұл маңызды бастама Қазақстанның дарынды жастарына елордада халықаралық деңгейдегі сапалы білім алу мүмкіндігін ұсына отырып, адами капиталды дамытуға елеулі үлес қосады.

STEM бағыттары (ғылым, технология, инженерия және математика) мен бизнес саласы бойынша алғашқы дайындық (Foundation) бағдарламалары 2025 жылы қыркүйек айында басталады. Foundation кезеңі аяқталғаннан кейін, 2026 жылы қабылданатын бакалавриат бағдарламалары келесі бағыттар бойынша қолжетімді болады: Компьютерлік ғылымдар (BSc), Құрылыс инженериясы (BEng), Геология (BSc), Бизнес басқару (BSc)

Қабылдау талаптары мен оқу ақысы туралы ақпаратты www.cardiff.ac.uk/kazakhstan сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, жақын арада оқуға арналған қолжетімді гранттар саны жарияланады.

Leave A Reply