Иманбек Зейкенов «Алға, Қазақстан» атты жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды

Ол Астанада өтетін киберспорт турнирінің әнұранына айналды.
Қазақстандық диджей, «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов жаңа Alga Kazakhstan бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл клип Астанада өтетін PGL Astana 2025 киберспорт турнирінің әнұраны болады.
Иманбек Зейкеновтің айтуынша, бейнебаянда ол киберспорт пен заманауи мәдениетті тоғыстыруға қадам жасаған.
«Бейнеролик адамдардың қандай қызығушылығы болса да, отбасы мен достар ең басты құндылық болып қалатынын еске салады», – деді клип авторы.
Жаңа тректі қазірдің өзінде Spotify, Apple Music, YouTube, «Яндекс.Музыка» және «VK Музыка» сынды танымал платформалардың тыңдап, көруге болады.
Еске салайық, турнир осы аптада Қазақстанның астанасында өтеді. Оған қатысу үшін елге әлемнің үздік командалары келеді деп жоспарланған. Олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, Aurora Gaming (бұрынғы Eternal Fire), Natus Vincere, Virtus.pro және Astralis бар.
Оқи отырыңыз: Астанада PGL Astana 2025 киберспорт турнирі өтеді
Источник: informburo.kz