Елорда студенттеріне оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Құжат қабылдау 1 шілдеде басталып, 23 тамызға дейін жалғасады.
1 шілдеден бастап елордалық студенттерге оқу ақысына өтемақы алу мақсатында құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. Бұл шара студенттердің білім алуында қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған.
«2025 жылғы 1 шілде мен 23 тамыз аралығында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордадағы жоғары оқу орындарына күндізгі бөлімге оқуға түскен студенттерге оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштер қабылдайды», – делінген хабарламада.
Аталған бастама әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-дан кейінгі күйзеліс: Төмен балл алған балаларға қалай психологиялық қолдау көрсеткен дұрыс
Әлеуметтік көмекке үміткерлер мына құжаттарды тапсыруы қажет:
- жеке куәлік (көшірмесімен);
- өзіне және отбасы мүшелеріне қатысты жиынтық табысы туралы мәліметтер;
- жетім балалар үшін: ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік пен туу туралы куәліктің көшірмесі;
- көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін: көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжат көшірмесі;
- Астана қаласының орта мектебін бітіргенін растайтын аттестат;
- ҰБТ сертификаты (мемлекеттік үлгідегі);
- екінші деңгейдегі банк немесе «Қазпошта» АҚ-дағы жеке шот нөмірі туралы мәлімет.
Сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін аудандық бөлімшелердің байланыс нөмірлеріне хабарласу керек:
- Алматы ауданы: 55-01-74, +7 702 837 50 05;
- Байқоңыр ауданы: 55-72-32, +7 775 962 91 57;
- Есіл ауданы: 55-74-50, +7 771 804 16 25;
- Нұра ауданы: 55-68-40, +7 702 966 52 29;
- Сарайшық бөлімі: 55-68-22, +7 701 255 20 56;
- Сарыарқа ауданы: 55-14-87, +7 702 546 86 95.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі