Астана әуежайына жаңа басшы тағайындалды

0

Әуежайға енді Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер басшылық етеді.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. 


Астана әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply