200 мың теңге: Астанада ескерткішті бүлдірген әйел айыппұл арқалады

0 5


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                200 мың теңге: Астанада ескерткішті бүлдірген әйел айыппұл арқалады

Ескерткішті қорлаған әйел айыппұл арқалады.

Астанада саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті қорлаған келіншек жауапқа тартылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Монументке мейкап жасағаны үшін ол 200 мың теңге айыппұл арқалады. Жалпы жыл басынан бері Елордада бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 171 азамат жауапқа тартылған. Олардың 93-і қамауға алынса, қалғандары 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. 

«Азаматша айтып отыр енді күн сәулесі түскенде қалай көрінеді екен деп, соны салып көргем ем деп. Әрине ұсталған азаматқа барлық оның іс-әрекетін заңсыз екенін бұл кезде әкімшілік құқықбұзушылық қарастырылғанын түсіндіріп әкімшілік хаттама толтырып сотқа жолдадық», – деді Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев.

Leave A Reply