15 клуб тексерілді: Астанада «күлдіргі газ» пайдаланған жастар қамауға алынды
Төрт адам әкімшілік қамауға алынды.
Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен полиция департаменті елорданың 15 ойын-сауық мекемесінде рейд жүргізді, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Рейд барысында клубтардан жеті баллон азот тотығы мен 14 қаптама әуе шарлары тәркіленді. Оларды жастар «күлдіргі газ» ретінде демалу үшін қолданған.
«Нәтижесінде төрт азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Есірткілер мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз қолдану фактілерін анықтау және жолын кесу тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс астаналық прокуратураның ерекше бақылауында тұр», – делінген хабарламада.