ҚазҰУ студенті ректораттың 14-қабатынан құлап, қаза болды

0 55


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            ҚазҰУ студенті ректораттың 14-қабатынан құлап, қаза болды

Қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда университет ғимаратынан студент қыз құлап, қаза болды. Алматы қаласының полиция департаменті бұл деректі растады. 

Полиция мәліметінше, 1-курс студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секірген.

Қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Leave A Reply