Телефон, қол сағаттары, ақша: Алматыда тонау қылмысына қатысы бар бірнеше күдікті ұсталды

0 389


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Телефон, қол сағаттары, ақша: Алматыда тонау қылмысына қатысы бар бірнеше күдікті ұсталды

Әрбір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы аумағында бірнеше тонау қылмысын жасаған күдіктілер криминалдық полиция басқармасының үйлестірілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. Олар негізінен түнгі уақытта әрекет етіп, бұрыш баллондарын және күш қолданған. Олар телефондар, қол сағаттары мен қолма-қол ақшаны жымқырған. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың кемінде үш қылмысқа қатысы бар, бұл деректер қаланың әртүрлі ауданында тіркелген.

«Жәбірленушілердің арыздарына жедел әрекет еттік. Аудандық бөлімшелермен бірлескен кәсіби жұмыс нәтижесінде қылмыстық топтың күдікті мүшелерін қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстадық. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Әрбір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді. 

Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап, тиісті тергеу және жедел іс-шараларын жалғастырып отыр. Полиция кез келген уақытта заң мен тәртіпті сақтауға сақ шақырады.

Leave A Reply