Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

0 104


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады», – деп жазылған хабарламада.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply