Кімдер «Целинный» мәдениет орталығына тегін кіре алады

0 5


                                                                                                                                                                                                                                                        Кімдер "Целинный" мәдениет орталығына тегін кіре алады

Орталыққа кіру құны – 2 мың теңге.

Алматыда ашылған Целинный» заманауи мәдениет орталығына 7 жасқа дейінгі балалар, мектеп оқушылары мен зейнеткерлер, сондай-ақ мүгедектігі бар жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тегін кіре алады. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Біз өнердің бәріне қолжетімді болуы керек екеніне сенеміз. Сондықтан біздің билет жүйемізде мектеп оқушыларына, зейнеткерлерге,мүгедектігі бар жандарға, ардагерлерге жеңілдік жасауға ерекше мән беріледі. Біз заманауи өнер ұрпақтарды біріктіріп, шекараларды жоюға қабілетті деп санаймыз», – дейді «Целинный» заманауи мәдениет орталығының басшысы Жәмила Нұрқалиева. 

Айта кетейік, «Целинный» мәдени орталығына кіру құны – 2 мың теңге. Студенттерге жеңілдетілген тариф бойынша 1500 теңге төлейді. 

«Целинныйда» өтетін мәдени-танымдық шаралар кестесін орталықтың ресми сайтынан көруге болады. 

 

Leave A Reply