Аптасына үш рет: Қытайдан Алматыға тағы бір тікелей рейс іске қосылды

0 44


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Аптасына үш рет: Қытайдан Алматыға тағы бір тікелей рейс іске қосылды

Рейстер апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Алматы халықаралық әуежайы Қытайдан ұшып келген жаңа әуе рейсін қабылдады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанчжоу–Алматы–Гуанчжоу бағытындағы жаңа халықаралық әуе бағытын іске қосты. Рейстер апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Еске салайық, Қытайдан Қазақстанға ұшатын ұшақтарға билет брондау 80%-ға өскен. 

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілгелі бері 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға сапарлаған туристер саны 655 мың адамға жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.

Leave A Reply