Алматының Бостандық ауданында кейбір көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі
Мыңбаев көшесінде тозығы жеткен ауызсу желілері қайта жаңартылып жатыр.
Алматының Бостандық ауданында кейбір көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды «Алматы Су» ШЖҚ МКК.
Су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:
- 22 тамыз, сағат 23:00-ден 23 тамыз, 06:00-ге дейін жабылады: Әуезов көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы, Жароков көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 23–24 тамыз, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жабылады: Гагарин даңғылы – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 25 тамыз, сағат 09:00-ден 26 тамыз, 06:00-ге дейін шектеледі: Розыбакиев көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 25–28 тамыз аралығында жабылады: Тұрғыт Озал көшесі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы бөлік.
«Мыңбаев көшесінде тозығы жеткен ауызсу желілері қайта жаңартылып жатыр. Жоба іске асқанда осы аумақтағы 50 мыңнан астам тұрғын тұрақты әрі сапалы сумен қамтылады. Қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.