Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды: жаяу жүргінші зардап шекті

150

Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында болған.

«Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатқан троллейбус жүргізушісі рөльді басқара алмай аялдамаға соғылды. Салдарынан аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті», – деп жазылған хабарламада.


Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды: жаяу жүргінші зардап шекті

Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.

Қазіргі күні Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Источник: informburo.kz

Comments are closed.