Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

0 138


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы көлік қозғалысы тоқтайды.

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап ШААЖ-қа дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.

«Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Leave A Reply