Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

0 61


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам құтқарылды.

Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-ші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шықты, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.

«Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. 1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Leave A Reply