Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды

0 49


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды

Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр.

Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алатау ауданы, Шапағат шағын ауданы Биянху көшесінде газ-ауа қоспасы жарылды.


                                                                                                                                                                                                                                                        Алматыда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза болды

«Тұрғын үйдің құрылыстарын бөлшектеу кезінде 1949 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада. 

Leave A Reply