Алматыда екі тәрбиеленуші балалар үйінен қашып кеткен: полиция іздестіру ісін қозғады
Олар 18 шілде күні таңғы уақытта жоғалып кетті.
Алматыда балалар үйінен кетіп қалған екі қыз іздестіріліп жатыр. Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады.
«Осыған дейін кәмелетке толмағандар бірнеше рет мекемеден кетіп қалып, әр жолы полиция қызметкерлерінің күшімен табылып, қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Полиция өкілдері сонымен қатар осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында мекеме басшылығымен профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізілгенін, тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі айтылғанын жеткізді.
Айта кетейік, Алматыдағы №1 балалар үйінен 2009 жылы туған Белгородская Кристина Сергеевна мен 2010 жылы туған Черепанова Маргарита Даниловна 18 шілде күні таңғы уақытта шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.