Алматыда аққуды мойнынан ұстап қылқындырған ер адам қамауға алынды

0 9


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Алматыда аққуды мойнынан ұстап қылқындырған ер адам қамауға алынды

Оқиға куәгерлері ескерту жасағанымен, ер адам оларды боғауыз сөзбен балағаттаған.

Алматыдағы Бас ботаникалық бақта аққуды мойнынан ұстап қылқындырған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Полиция бейнебақылау камераларының көмегімен оны бір тәулік ішінде анықтап, жеті тәулікке жапты. Бақ әкімшілігінің айтуынша, қазір аққудың жағдайы жақсы, оны орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр. 

Еске сала кетейік, 5 тамызда әлеуметтік желіде ер адамның аққуды мойнынан ұстап өзіне тарқан сәті түсірілген видео жарияланды. 

Оқиға куәгерлері ескерту жасағанымен, ер адам оларды боғауыз сөзбен балағаттаған. Бұл әрекет халық арасында наразылық туғызған еді.

Leave A Reply